• 00Дни
  • 00Часы
  • 00Минуты
  • 00Секунды

Главная страница / Положение трейл забега SAIRAM-SU TRAIL 2026

Положение трейл забега SAIRAM-SU TRAIL 2026

2026 жылдың 11 қазан күні өтетін “Sairam Su Trail” таулы жарысын өткізу туралы Ережесі

1. Мақсаттары және міндеттері.

  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Түркістан облысындағы таулы аймақтағы туризмді дамыту;
  • Жүгіруді әуесқойлар арасында және қала тұрғындары арасында танымал ету;
  • Жарыстарға қатысудан тәжірибе алмасу;
  • Нашақорлыққа қарсы күрес.

2. Жарыстың уақыты мен өтетін орны.

Жарыс 2026 жылдың 11 қазан күні Түркістан облысы, Сайрам ұлттық паркінде өтеді. Басталу уақыты 08:00.

3. Жарыс қатысушылары

  • Түркістан облысының тұрғындары;
  • Шымкент және басқа қалалардың әуесқой жүгіру клубтары және спорт жанкүйерлері.

4. Жарысты өткізу ұжымдастығы

Жарыс өткізуден жалпы нұсқауларды “Shymkent Run Club” және “Open Turkistan” жүзеге асырады. Сайысқа тікелей төрелік ету төрешілер алқасына жүктеледі.

5. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

  • Төрешілер алқасының жұмысы үшін қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау;
  • Жарыс қатысушыларына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
  • Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар мен марапаттар беру;
  • Қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету (ақпараттық орталық арқылы);
  • Жарыстарға төрелік ету;
  • Жарыстың медициналық қамтамасыз етілуін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Жарыстың дайындалуы мен өткізілуін бақылау;
  • Ресми шағымдарды қарау және даулы мәселелерді шешу;
  • Құжаттарды қарау және жарысқа қатысуға рұқсат беру мәселелерін төрешілер алқасы және жарыс директоры қарайды.

6. Қатысушыларды тіркеу және жарысқа қатысуға рұқсат

Жарысқа тек алдын ала тіркелген және старттық жарнаны төлеген қатысушылар ғана қатыса алады. Жарысқа қатысу үшін әр қатысушы алдын ала тіркеліп, старттық жарнаны төлеуі қажет. Тіркеу мен жарнаны төлеу арқылы қатысушы «Sairam Su Trail» іс-шарасының қатысу шарттарын (публичная оферта) қабылдайды. Қатысу шарттары жарыстың ресми веб-сайтында жарияланған.

Старттық нөмірі жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді. Хронометраж жүйесі чип тайм болмайды, нәтежиелер төрешілер арқылы анықталады.

Қатысушыларды тіркеу жарыстың ресми шарттары бекітілгеннен кейін басталады. Тіркеу үшін бөлінген орындар саны шектеулі, және барлық орындар таусылғанда тіркеу автоматты түрде жабылады.

Жарысқа тіркеу әдістері

  • Қатысушылар жарысқа тек алдын ала тіркеліп, старттық жарнаны төлеген жағдайда қатыса алады.
  • Тіркеу және төлем тек ресми сайт арқылы жүзеге асырылады: https://shymkenthalfmarathon.kz.
  • Тіркеу барысында қатысушы өзінің толық және дұрыс деректерін көрсетуге міндетті.

7. Жарыс маршрутында жүгіру ережелері:

Қатысушының денсаулығы нашарлаған немесе жарақат алған жағдайда:

  • Қатысушы мүмкіндігінше жарысты тоқтатып, трассаның жиегіне шығуы тиіс.
  • Жедел түрде еріктілерге немесе медициналық қызметкерлерге хабарласу қажет.

Тыйым салынған әрекеттер. Қатысушылар келесі әрекеттерді орындауға құқылы емес:

  • Құлаққаппен жүгіру. Қатысушы жарыс барысындағы барлық ескертулерді естуге міндетті (басқа қатысушылар, төрешілер, ұйымдастырушылар).
  • Алкогольдік немесе есірткілік мас күйде қатысу.
  • Жарыс жолына ту, транспаранттар немесе басқа да атрибуттарды әкелу, олар басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.
  • Қатысушылардың трасса бойынша немесе СӨРЕ және МӘРЕ аймақтарында жүгіруіне кедергі жасау.
  • Тіркелмеген қатысушылардың, соның ішінде команданың ресми өкілдерінің қатысушымен бірге жүгіруіне немесе оның жанында болуына құқығы жоқ.

Жарыстан шеттету (дисквалификация):

  • Жарыс ережелерін бұзған қатысушы жарыстан шеттетілуі мүмкін.
  • Барлық қауіпсіздік және тәртіп талаптары қатысушылар үшін міндетті болып табылады.

8. Қауіпсіздік және қатысушылардың жауапкершілігі:

  • Қатысушы жарысқа өз еркімен қатысады және өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне өзі жауап береді.
  • Қатысушы таулы жер жағдайында болуы мүмкін құлау, жарақат алу, тайып кету, ауа райының қолайсыздығы, шаршау, сусыздану және басқа да тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
  • Қатысушы белгіленген маршрутты, қауіпсіздік талаптарын және ұйымдастырушылардың нұсқауларын сақтауға өзі жауапты.
  • Қатысушының қауіпсіздік талаптарын сақтамауы, маршруттан өздігінен ауытқуы немесе өз әрекеті салдарынан туындаған жағдайлар үшін қатысушының өзі жауап береді.
  • Қатысушының өз әрекеті немесе қауіпсіздік талаптарын бұзуы салдарынан келтірілген зиян үшін жауапкершілік қатысушының өзіне жүктеледі.
  • Тіркелу арқылы қатысушы осы қауіптермен танысқанын, қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті екенін және өз жауапкершілігін толық түсінетінін растайды.

8 км қашықтыққа қатысатын әрбір қатысушы өзімен бірге міндетті түрде келесі қауіпсіздік құралдарын алып жүруге тиіс:

  • желден қорғайтын күртеше (ветровка);
  • кемінде 0,5 л ауыз су;
  • құтқару көрпесі (спасательное одеяло);
  • ысқырық;
  • жеке шағын алғашқы көмек қобдишасы (мини-аптечка).

9. Жарыс қашықтықтары бойынша мазмұндама

5 км
8 км

10. Жас ерекшеліктері

5 км — Абсолют

8 км — Абсолют, 30-39, 40-49, 50+

11. Марапаттау

Жарыс жеңімпаздары және жүлдегерлері дипломмен және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

12. Жарысқа қатысу ережелері

  • Жарысқа 18 жастан жоғарғы (жеке куәлігі болу керек) қатысушылар жіберіледі.
  • Денсаулығы бойынша шектеу немесе тиым салынғын спортшылар жарысқа қатыса алмайды.
  • Жарысқа қатысу барысында жарысқа қатысушы өз денсаулығына жауапты.

13. Өтінімдер

Жарысқа қатысу өтінімдер белгіленген түрде электронды сайтқа 2026 ж. 09 қазан күні сағат 24:00 ге дейін беріледі.

Жарыстың бас төрешісі: Түлкібек Айдана

Ұйымдастырушы: “Shymkent Run Club” және «Open Turkistan»

Түлкібек А. Тел: 8-775-833-82-47