1. Мақсаттары және міндеттері.
Жарыс өткізудің мақсаттары:
- Түркістан облысындағы таулы аймақтағы туризмды дамыту
- Жүгіруді әуесқойлар арасында және қала тұрғындары арасында танымал ету.
- Жарыстарға қатысудан тәжірибе алмасу.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
- Нашақорлыққа қарсы күрес.
2. Жарыстың уақыты мен өтетін орны.
- Түркістан облысының тұрғындары;
- Жарыс 2026 жылдың 31 мамыр күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Батыс Қазығұрт тауында өтеді. Басталу уақыты 07:30.
3. Жарыс қатысушылары
Шымкент қаласының әуесқой жүгіру клубтары, мекемелері, қала тұрғындары және спорт жанкүйерлері.
4. Жарысты өткізу ұжымдастығы
Жарыс өткізуден жалпы нұсқауларды “Shymkent Run Club” жүзеге асырады. Сайысқа тікелей төрелік ету төрешілер алқасына жүктеледі.
5. Жарыс қашықтықтары бойынша мазмұндама
3 км
6 км
6. Жас ерекшеліктері
3 км — 18-39, 40+
6 км — 18-29,30-39, 40-49, 50+
7. Марапаттау
Жарыс жеңімпаздары және жүлдегерлері қаржылай жүлдемен және бағалы сыйлықтармен демеушілер тарапынан марапатталады.
8. Жарысқа қатысу ережелері
- Жарысқа 18 жастан жоғарғы (жеке куәлігі болу керек) қатысушылар жіберіледі.
- Денсаулығы бойынша шектеу немесе тиым салынғын спортшылар жарысқа қатыса алмайды.
- Жарысқа қатысу барысында жарысқа қатысушы өз денсаулығына жауапты.
9. Жарысқа қатысу құралдары
- Құтқару көрпесі, ысқырық, кепка, 0,5 литр су
- Қатысушылар треккингтік таяқтарды қолданса да әлде қолданбаса да болады.
10. Өтінімдер
Жарысқа қатысу өтінімдер белгіленген түрде электронды сайтқа 2026 ж. 29 мамыр күні сағат 24:00 дейін беріледі.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мемлекеттік органдардың тарапынан спорттық іс-шараның уақыты және күні өзгертілуі мүмкін.
Ұйымдастырушы “Shymkent Run Club” жетекшісі Түлкібек А.
Жарыстың бас төрешісі Шаруаев С.